1 сәуірдегі жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 417 шетел азаматы еңбек етеді деп хабарлады turkystan.kz.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 584 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 028 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 186 және 881 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 302 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 437 адам тартылды.
« Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 693 жұмыс беруші бар. Оларда 407,9 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 262 адам (37,3%); тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 441 адам (10%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 143 адам (8%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7% ); өңдеу өнеркәсібі – 883 адам (7%).
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 493 адам (25%), Түркия – 1 523 адам (11%), Үндістан – 1 722 адам (12%), Өзбекстан – 1461 адам (9,3%)», - делінген хабарламада.