Павлодарда ер адам 12 жасар қызды аяусыз соққыға жыққан

/
Павлодарда ер адам 12 жасар қызды аяусыз соққыға жыққан
ашық дереккөзі
Павлодарда ер адам 12 жасар қызды аяусыз соққыға жыққан Павлодарда мас ер адам балалар алаңында ойнап жүрген 12 жасар қызды аяусыз соққыға жыққан деп хабарлады turkystan.kz. Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, оқиға туралы әйел әлеуметтік желіде жазған. Оның айтуынша, мас ер адам балалар алаңында оның 12 жастағы сіңлісін ұрған.
«Қыздың бет-аузы көгеріп кеткен. Оны арашалап алған көршілердің айтуынша, қыздың басынан ұрған. Басқа да балаларды қорқытқан», – деді хаттың авторы.
Облыстық Полиция департаментінде аталған факт 26 сәуір күні тіркелгенін хабарлады.
«Оқиға орнына Полиция басқармасы Солтүстік бөлімінің учаскелік инспекторы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді департаментте.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, өткен тәулікте 2011 жылы туған қыз бала «жұмсақ тіндердің жарақаты» диагнозымен ауруханаға түскен.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары