50242
«АрселорМитталТеміртау» заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
«АрселорМитталТеміртау» заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері «АрселорМитталТеміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады деп хабарлады turkystan.kz.
«Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары - 52 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматша ұсталды. Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.Естеріңізге сала кетсек, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын. Аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабына «Адам өлтіру» ісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.