Павлодар облысында Жеңіс күніне орай майдангерлерге 2 млн теңгеден беріледі

/
Павлодар облысында Жеңіс күніне орай майдангерлерге 2 млн теңгеден беріледі
ашық дереккөзі
Павлодар облысында Жеңіс күніне орай майдангерлерге 2 млн теңгеден беріледі Қазіргі таңда өңірде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 12 ардагер тұрады деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Оның ішінде Павлодар қаласында - 7,  Ақсу және Екібастұз қалаларында, Ертіс, Павлодар, Баянауыл аудандарында бір ардагерден тұрады. Жеңіс күні қарсаңында ардагерлердің шоттарына 2 миллион теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ 34 500 теңге сомасына азық-түлік жиынтығы табысталады», - деді облыстық Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов.
Сондай-ақ басқарма басшысының айтуынша, 1300-ден астам аймақ тұрғынына 150 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек  қарастырылған. Олар – Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль атом-электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларға, тәжік-ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғаған және  басқалары.  Бұдан басқа, тыл еңбеккерлеріне, қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен басқа да санаттарға 30 мыңнан 100 мың теңгеге дейін қарастырылған. Жалпы, мереке күндері  6 мыңнан астам адамға біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары