Ақтауда 4,5 балдық жер сілкінісі болды
Бүгін сағат 12.30 шамасында Маңғыстау облысында жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерін бірнеше ықшамаудан тұрғындары да сезді деп хабарлады turkystan.kz.
«Мен 4-қабатта тұрамын. Жер асты дүмпуін сездім, люстралар қозғалды», - деп хабарлады 26-ықшамауданның тұрғыны.
Жер сілкінісі туралы хабарламалар 26,27 және 29-ықшамауданының тұрғындарынан да келіп түсуде.
Volcano Discovery мәліметінше, Маңғыстау облысында 4,5 балдық жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болған.