Қырғызстанда президенттік сайлауға түсетін алғашқы үміткер анықталды

Қырғызстанда президенттік сайлауға түсетін алғашқы үміткер анықталды

Қырғызстанда президенттік сайлауға түсетін алғашқы үміткер анықталды
ашық дереккөзі
425
Бұрынғы премьер-министр Темір Сариев Қырғызстанның президенттік сайлауына түседі. Бұл туралы Бішкекте "Ак Шумкар" партиясының конференциясында белгілі болды.
Сариев елдің даму бағдарламасын дайындап шыққанын мәлімдеді. Ол Қырғызстан экономикасын дамыту мен заңды сақтауға бағытталған. Үкіметтің бұрынғы басшысы таза әрі әділ сайлау өткізу үшін бақылауды күшейту қажеттігін айтты. Конференция нәтижесі бойынша Темір Сариевті биыл күзде өтетін президенттік сайлауға ұсыну туралы қарар қабылданды. 54 жастағы Темір Сариев бұған дейін Жогорку Кенеш депутаты болған, бұрынғы Уақытша үкімет мүшелерінің бірі. 2011 жылы Қырғызстанның экономика министрлігін басқарды. 2015 жылы Сариев елдің премьер-министрі болып тағайындалды, бірақ, бір жылдан соң ол Балыкчы-Корумду жол құрылысы төңірегіндегі жанжалдан соң министрлер кеңсесінен кетті.

Серіктес жаңалықтары