Арменияда туризмді дамытуға премьер-министр отбасы 500 мың доллар бөлмек

Арменияда туризмді дамытуға премьер-министр отбасы 500 мың доллар бөлмек

Арменияда туризмді дамытуға премьер-министр отбасы 500 мың доллар бөлмек
ашық дереккөзі
Армения үкіметі еліндегі екінші ірі қала Гюмриде туризмді дамытпақ. Премьер-министр Карен Карапетянның сөздерінше, кәсіпкерлер инвестиция құю үшін қалада арнайы қор құрылады. Ол өзінің отбасы қорға бірінші болып ақша беретінін мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта мен кәсіппен айналыса алмаймын. Бірақ мен отбасымның мүшелеріне үлестерін қосуын сұраймын. Менің отбасымның құрылатын қорға бірінші болып ақша салуы үлкен мәртебе деп санаймын. Инвестициялық пакет қазіргі уақытта 10 млн драмды құрайды», - деді премьер. Ол журналистердің сұрағына отбасының 500 мың доллар ақша құятынын айтты. «Кумайри» тарихи туризмнің жобасы таныстырылды. Бағдарламаны жүзеге асыру екі жылға созылады екен. Соңғы 10 жылда Гюмри білім беру, қаржы, спорт орталығына айналуы тиіс. Сонымен бірге өндіріс ошақтары дамуы керек. Бірақ мұның бәрі әзірге қағаз жүзінде. Премьер-министрмен бірге Гюмри қаласына келген кәсіпкерлер туризмді дамыту жобасына инвестиция құюға дайын екендіктерін білдірген. Карен Карапетян бағдарламаны жүзеге асыруға ешқандай кедергі жоқ екенін айтып, жұмысты ертең бастаймыз деген.