Депутаттар жолдаған сан түрлі сауал

Депутаттар жолдаған сан түрлі сауал

Депутаттар жолдаған сан түрлі сауал
ашық дереккөзі
343
20 сәуір күні Парламент Мәжілісінің кезекті жалпы отырысы өтті. Жиын­­да күн тәртібіндегі мәселелер тал­қы­лан­ды. Содан соң депутаттар көтеріп отыр­ған мәселелеріне байланысты жауапты ор­ган­дарға депутаттық сауалдарын жолдады. Осы аптада Мәжілістегі «AMANAT» фрак­ция­сының мүшелері көтерген кей мәсе­ле­лерге шолу жасап өтейік. Субсидия төңірегіндегі түйткіл тағы айтылды Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бө­лі­нетін бюджет қаражатына субсидия аламын деу­шілердің 10 пайызы ғана қол жеткізген. Суб­сидия беру жүйесі өте күрделі және қа­жет­ті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Оны бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл мәселені шеше алмай отыр. Мәжіліс депутаттары Қ.Әлішев, П.Ка­­занцев, Ғ.Елеуов, Е.Мәмбетов, Н.Әшім­бетов, А.Әлтай Премьер-Министрдің орын­басары – Қаржы министрі Е.Жамаубаевқа және Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қа­ра­шөкеевке осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады. – Саланы одан әрі дамыту үшін ауыл ша­руашылығы тауарын өндірушілер жиі кө­теретін мәселенің бірі несиелер мен ли­зингтердің пайыздық мөлшерлемесінің жо­ғары болуына назар аударуымыз қажет, – деді депутат Әлішев Үкімет отырысында. Айта кету керек, бүгінде несиелер бойын­­ша сыйақы мөлшерлемесі 17 пайыз­дан 24 пайызға дейін өсті, оның 6 пайызын шаруашылықтар төлейді. Қазір ауыл шаруашылығы құрылымдары несиелер мен лизингтер бойынша сыйа­қы­ның пайыздық мөлшерлемелерін суб­си­диялау кезінде белгілі бір қиындықтарға тап бо­лып отыр. Оған себеп – бюджет қара­жа­ты­ның тапшылығына қатысты мәселелер, сон­дықтан да субсидияларды уақытылы тө­леу мүмкіндігі бола бермейді. Осының салдарынан шаруашылықтар не­сиелер бойынша сыйақыны өз айналым қара­жатынан толық көлемде төлеуге мәжбүр болып отырғанын айтқан депутат төлемдер бойын­ша міндеттемелерді кешіктірген жағ­дайда кәсіпкерлер жосықсыз клиенттер тізі­міне еніп кетіп, субсидиядан толығымен қа­ғылатынын айтты. – 2023 жылғы 3 сәуірдегі Ақтөбеде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің санк­­цияланған митингіде басты талап­тар­дың бірі ретінде осы мәселе көтерілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының ұсыныс­тарын ескере келе, соңғы қарыз алушыға тек 6 пайыз мөлшерінде сыйақы төлеуді ұсына отырып, несиелер мен лизингтер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін қаржы институттарына субсидияланатын қаражатты тікелей аудару мүмкіндігін қарас­тыруыңызды сұраймыз. Бұл мәселе Премьер-Министрдің Ақ­тө­бе облысына жұмыс сапарының қо­ры­тындысы бойынша хаттамалық тап­сыр­маға енгізілді, алайда осы кезге дейін ашық күйінде қалып отыр. Бұл мәселені шешу ауыл шаруашылығының жалпы өнімі­нің өсуіне оң әсер етеді және ауыл шаруа­шы­лығы құрылымдарының қаржылық жағ­дайын жақсартады, – деп айтылды депу­тат­тық сауалда. Экологиялық апат аймақтарына қатысты мәселе көтерілді «AMANAT» фракциясының депутаттары Қ.Балабиев, Ұ.Сәдібеков, Б.Нажметдинұлы, Д.Исабеков Экология және табиғи ресурстар министрі З.Сүлейменоваға экологиялық апат аймақтарына қатысты мәселе көтерді. Депутаттарды экологиялық апат ай­мағы саналатын Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды облыстары және Арал ай­мағымен бір әкімшілік, климаттың дең­гейде орналасса да, тізімге енбей қалған Кен­тау қаласы мен Бәйдібек ауданының мә­се­лесі алаңдатып отыр. – Бүгінде Кентаудың қасындағы Түр­кі­стан қаласы мен Сауран, Созақ аудандарының халқы экологиялық апат аймағына жататын­дықтан, бюджеттік сала қызметкерлері жа­ла­қыға қосымша 1,2 коэффициент әлеу­мет­тік көмек және жыл сайын төленетін дема­лыс­қа қосымша 7 күнтізбелік күн, медици­на­лық сауықтыруға 1 айлық еңбекақы мөл­­шерінде төлем алады. Ал сол өңірлердің ортасында тұрған Кентау халқына мұндай ерекшелік берілмеген. Тіпті, қалаға қарасты Құсшы ата ауылындағы жолдың арғы беті экологиялық аймаққа жатса, бергі беті эко­логиялық аймақ деп есептелмейді. Барлық тұр­ғынның жұтып отырғаны бір ауа. Сон­дық­тан Кентау қаласын экологиялық ай­мақ­қа жатқызуға болады деп ойлаймын, – деді Ұ.Сәдібеков. Сонымен қатар депутаттар Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында да осы­ған ұқсас жағдай екенін айтты. Депутаттар алға тартқан дерекке сүйен­сек, қазір Кентау қаласындағы ауа мен судың ластануынан қала тұрғын­да­ры­ның арасында онкологиялық аурулар да асқынған. Мәселен, 2020 жылы онкология­лық аурумен науқастанып, қайтыс болған­дар­дың көрсеткіші 49,5 болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 51,5-ке көбейген. Ал 2022 жы­лы 62,4 болып отыр. Фракция мүшелері министрден Кен­тау қаласы мен Бәйдібек ауданын эко­­логиялық ай­маққа өткізу мәселесі бойын­­ша жұмыс­тар­дың қорытындысын жа­­рия­лауды сұрады. Кесененің халі мүшкіл Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде «AMANAT» партиясы депутат­тары өңірлерге сапарын Түркістан өңірінен бастап, сол сапарда шұғыл шешілуге тиіс бір мәселеге куә болып қайтқан. Депутаттардың айтуынша, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген, VI ғасырдан астам уақыттың куәсі болып, мемлекетіміздің бойтұмарына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің хәлі мүшкіл. Осы мәселе бойынша М.Толықбаев, А.Сарым, Р.Заитов Премьер-Ми­нис­тр­дің орынбасары А.Көлгіновке депутаттық сауал жолдады. – Атап айтатын болсақ, кесене қабыр­ға­лары ылғал тартып, күмбездің беткі қабаты қопсып, тұзы шығып жатыр. Тұз осы 2-3 жыл бұрын ғана пайда болды. Себебі кейінгі жыл­дары мавзолейдің алдында көгалдандыру, жа­санды абаттандыру жұмыстары жүрді. Ғи­мараттың ішіндегі ылғалдылықтың шек­тен тыс артуынан күмбездің бетіне қара дақ­тар пайда болған. Дымқылдан жарылған сылақтар көзге анық көрінеді. Қызметкерлер ту­ристердің төбесінен сылақ түсіп жүрмесін деп, Тайқазанның аумағын қызыл лентамен қор­шап қоюға мәжбүр. Ал абаттандырудың қы­зығына кенелген жергілікті әкімдік ма­ман­дардың дабылына құлақ асар емес, – деді депутат М.Толықбай. Депутаттың сөзінше, ғалымдар кесе­не­нің әу бастағы жобасын ғылыми тұр­ғыда зерттеп алмай, жыл сайын рес­тав­ра­ция жүргізу – қыруар ақшаны далаға шаш­қанмен бірдей. Өйткені кесененің ал­дын­да тұрған кірпіштер мен астында ға­сыр­лар бойы жатқан қамысты алып тастап, ол жер­ге жалтыраған бетон гранит тақталар қой­ған соң ылғал тартып жатыр. Сондай-ақ күмбездегі тесіктерді бітеп қана қоймай, ішкі жағын қалың гипспен бес елідей етіп жап­қан. 2021-2022 жылы кесенеге зерттеу-сарап­тау жұмыстарын жүргізген «Қазқайта­жаң­ғырту» республикалық мемлекеттік кәсіп­ор­ны «қанағаттанарлық» деп қана баға берген. – Мінеки, осындай олқылықтардың ке­сірінен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жер ас­тына кетіп қалу қаупі төніп тұр. VI ға­сыр­дан астам уақыт күллі Түркі-Тұран хал­қы­ның ұлы жәдігері, Қазақ мемлекетін сан ға­сыр­лық сынақтардан аман алып өткен хан­­дар мен билердің, батырлар мен қайрат­кер­лердің пантеоны, Қожа Ахмет Ясауи ке­сенесін сақтауға міндеттіміз. Біз көтерген мәселе 2023 жылғы 10-25 қыр­күйекте Сауд Арабия мемлекеті­нің Эр-Рияд қаласында өтетін Бүкіләлемдік мұра комитетінде талқыланбақ. Алайда ар­қа­ны кеңге салып күтіп отыратын уақыт жоқ, – делінген депутаттық сауалда. Фракция мүшелері Үкіметтен кешенді жұмыс жоспарын әзірлеп, кесенені қалпына келтіруге қажетті қаражатты бөліп, жұмыстың орындалу барысын әр тоқсан сайын «AMANAT» фракциясының алдында баян­дап, есеп беруді сұрады. Мектептегі әлімжеттік алаңдатады Н.Сәрсенғалиев, А.Аймағамбетов, Ж.Сү­лей­менова балалар мен жасөспірімдердің қауіп­сіздігі мәселесі бойынша Премьер-Ми­нистр Ә.Смайыловқа, Бас прокурор Б.Асы­ловқа сауал жолдады. Әлімжеттіктің көбеюінің бір себебі пан­де­мия уақытында онлайн оқыған оқушылардың кейін ортаға еркін бейімделіп ке­те алмауынан екенін айтқан олар қазір со­ның салдарын көріп отырмыз деген пі­кірде. – Сәуір айының басында Түркістан об­лы­с­ы Төрткүл ауылында су каналынан 15 жа­с­тағы қыздың өлі денесі табылды. 9-сы­ныпта оқы­ған жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды. Біреуі марқұммен бір мек­тепте оқитын 11-сынып оқушысы, екіншісі 19 жастағы сол ауылдың тұрғыны. Белгілі болғандай күдіктілер жасөспірім қыздан 1 млн теңге бопсалаған. Алматы облы­сын­дағы Саты ауылында болған қайғылы оқи­ға төбе шашымызды тік тұрғызды. Ал­ды­мен 10-сынып оқушысының көз жұмға­нын ес­тідік. Белгілі болғандай, 11-сынып оқушысы 10-сынып оқушысына әлімжеттік жа­сап ұрған. Салдарынан бала тіл тартпай кет­ті. Мар­құм болған 10-сынып оқушы­сы­ның жер­леуінен кейін оның досы, сынып­та­сы өз-өзіне қол салып қайтыс болды. Соңғы ха­­тында ол: «мені досымның қасына жерлең­дер» депті. Күдікті ретінде танылған 11-сы­нып оқушы қазір үйқамақта екен. Бұл жайт­, марқұмның туыстарының наразылығын тудырып отыр, – деді сөз алған депутат Н.Сәр­сенғали. Депутаттардың сөзінше, марқұм бол­ған 3 баланың ата-анасы, туыс­тары хабарласып тергеудің әділ өтуін, айыпты­лар­дың жазалануын талап етіп отыр. Бұл да бол­са халықтың тергеуге, әділетті сотқа то­лық сенбейтінінің көрсеткіші екенін айтқан олар мұндай жағдайлардың өте көп екенін де қосып өтті. Фракция мүшелерінің дерегінше, елімізде әрбір үшінші оқушыға әлім­жеттік жасалады екен. Депутаттар Бас прокурордан жоға­ры­да аталған істерді қатаң бақылауға алып, айыптылардың жазадан құтылып кет­пеуін қадағалауын сұрады. Және әлім­жет­тік фактілерін біле тұра жасырып қалған қыз­меттегі азаматтардың да жазаға тар­тылуы керек екенін айтты. Оған қоса, бала­лар­ды қорлап жатқан кезде араша түсудің ор­нына сол әрекеттерді бейнетаспаға түсіріп жа­риялаған адамдарды да жазалау қажет. Фрак­ция мүшелері айыпты оқушылардың ата-аналары да тиісті жазасын алуы керек деп есептейді. Премьер-Министрге 1 психологқа 250 оқушыдан (10 сыныпқа 1 психолог) келетіндей нормативтік өзгерістер жасау, мек­тептерде әлеуметтік осал топтағы отба­сы­лармен, сәтсіз отбасыларымен, қолдауды қа­жет ететін оқушылармен жұмысты үйлес­тіретін әлеуметтік педагогтердің де санын ар­т­тыру ұсыныстары айтылды. Одан бөлек, депутаттар мектеп инс­пек­торларын қайтару жөнінде мәсе­ле көтерді. Оқушылардың театр сынды мә­дени орталықтарға ақысыз бару тетіктерін қа­растыру, сабақ үстінде ұялы телефон ұста­уын шектеу, үйде баланың гаджеттерді шек­тен тыс қолдануына жол бермеу сияқты ұсы­ныстарды жолдады. Делдалдардың қызметіне тосқауыл қою керек Экономиканың дамуы энергетикаға тәуел­ді. Халықтың жайлы өмір сүруі де осы са­­ланың тұрақтылығына тікелей бай­ла­ныс­ты. Өкінішке қарай, энергетика саласы сын­дар­лы кезеңді бастан кешіріп жатыр. Жаң­быр жауса, жел тұрса, жарық жалп етіп сө­не­тіні халықтың наразылығын тудыруда. Энер­гия көзі бір сәт тоқтап қалса, қаншама жұмыс тұрып қалады, газ да, су да, жылу да бол­майды. Бұл саладағы қордаланған мә­се­лелер неге апарып соқтыратынын Екі­бастұз, Рид­дер, Петропавл, Степногорск қала­ларын­дағы апаттар көрсетті. Энергетика саласына қатысты мәселе көтерген «AMANAT» партиясы фрак­ция­­сының депутаттары М.Жайымбетов пен М.Әбенов Премьер-Министрдің Бірінші орын­басары Р.Склярға депутаттық сауал жол­дады. Үкімет бұл саладағы күрмеулі мәсе­ле­лерді кейінге қалдыруына болмайты­нын айтқан депутаттар нақты статистикаға сүйеніп, проблемаларды баяндады. – Қазақстанда жылу электр орта­лық­тары­ның жұмыс істеп тұрғанына 40-50 жыл­дан асқан. Энергетикалық жабдықтар мен активтердің тозу деңгейі 65 пайызға жет­кен. Елімізде 37 ЖЭО болса, оның 19-ы қы­зыл аймақта (апаттық жағдайда). 11-і са­ры аймаққа кірген. Яғни, жаңадан 30 ЖЭО салу қажеттігі туындап отыр. Республикада алғаш болып Қызылорда облысы түріктің «Акса Энерджи» компаниясымен бірлесіп, заманауи жылу беру электр орталығының құрылысын (215 млрд тг) сәтті бастады. Өзге өңір­лерде осындай жобаларды іске асыру қажет және жылу электр орталықтарының инвестициялық тартымдылығын арттыру, әлеуетті инвесторлармен келіссөздерді жүр­гізуді жандандыру керек, – деді М.Жайым­бетов. Бұл мәселелерді шешу қомақты қара­жат­ты талап ететінін айтқан депутат­тар жылу желілерінің тозу деңгейін 100 пайыз­дан 50 пайызға түсіру үшін 1,8 трил­лион теңге жұмсалатынын мәлімдеді. Сон­дық­тан Үкімет қажетті қаржы ресурсын та­бу­дың және қалыптастырудың жүйелі жос­парын құруы қажет. Сонымен қатар электр энергиясы дел­дал­дардың қызметі арқылы тұтыну­шы­ларға жететіндіктен, тариф қымбаттап жат­қанын алға тартқан олар халықтың то­лас­сыз арыз-шағымына қарамастан, негізгі энер­гия қуатын беретін компаниялар дел­далдармен жұмыс істеуді жалғастырып жат­қанына тоқталды. Алдағы уақытта энер­ге­тика саласына салынатын инвестицияларды тарифтерді ұлғайту есебінен қамтамасыз ету қарастырылса, тариф құны тіптен еселенуі мүмкін. Сол себепті, Үкіметке делдалдардың қызметіне тосқауыл қоюдың тетіктерін ал­дын ала іске қосу туралы ұсыныс айтылды.

Д.ЖАНАТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары