Елімізде жаңа мемлекеттік нөмір пайда болғаны рас па?

Елімізде жаңа мемлекеттік нөмір пайда болғаны рас па?

Елімізде жаңа мемлекеттік нөмір пайда болғаны рас па?
ашық дереккөзі
50242
Астанада мемлекеттік нөмірі ерекше автокөлік көзге түсті деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Tengrinews.kz редакциясының нөміріне оқырман автокөліктің суретін жіберіп, мұндай мемлекеттік нөмірді бұрын-соңды көрмегенін айтып, бұл жайттың мән-жайын анықтауды сұраған. Бұл ақпаратты редакция тілшілеріне ҰҚК өкілдері растаған.
"Иә, бұл - ҰҚК Авиация қызметінің автокөліктеріне арналған арнайы жаңа мемлекеттік нөмір стандарты. Оны Ішкі істер министрлігі бекіткен. Мемлекеттік нөмірдегі AQ әріптері - "Авиация қызметі" дегенді білдіреді", - дейді ведомство өкілдері.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл мемлекеттік нөмірлерді ҰҚК органдары беретінін және олардың жеке базасында тіркелетінін растады.

Серіктес жаңалықтары