Жолда қаза болған жасөспірімнің туыстары жүргізушіні ұрып-соққан

Жолда қаза болған жасөспірімнің туыстары жүргізушіні ұрып-соққан

Жолда қаза болған жасөспірімнің туыстары жүргізушіні ұрып-соққан
ашық дереккөзі
50333

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Немирович-Данченко көшелерінің қиылысында 2007 жылы туған жасөспірім қаза тапты. Бала жолды кесіп өтпек болған деп жазды turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Hyundai Accent көлігі Рысқұлов даңғылының бойымен шығысқа қарай жүріп бара жатқан. Жүргізушінің айтуынша, жаңбырда жол дұрыс көрінбеген.

Бір жігіт жолға жүгіріп шыққан. Жүргізуші жаяу жүргіншіні кеш байқап қалып, көлікті тоқтатып үлгермей, жігітті қағып кеткен. Ол қатты соққыдан бірнеше ондаған метрге ұшып кеткен. 2007 жылы туған жасөспірім оқиға орнында қаза тапты.

Марқұмның туыстары оқиға орнына барып, жүргізушіні ұрып-соғып, темірмен оның көлігін бүлдірген. Оларды полицейлер ажыратқан.

Жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары