"Федерация боксшыларға қарсы ешқашан санкция қолданған емес. Біз жігіттеріміздің жетістіктерін үнемі қолдап жүреміз. Жанқош Тұраров қарсыласын лайықты жеңіп, титулға ие болды. Оның жекпе-жегі есепке алынады. Титулды алмаймыз. Санкция ереже сақтамаған промоутерлік компанияларға ғана қарсы қолданылады", - дейді Манкенов.
Тұраров титулдан айырыла ма – Бокс федерациясы жауап берді

Тұраров титулдан айырыла ма – Бокс федерациясы жауап берді
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне Алматыдағы бокс кешін ұйымдастырған Movida Promotions компаниясының лицензиядан айырылуына қатысты мән-жайды айтты. Осы бокс кешінде Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) IBO белбеуін жеңіп алған еді деп жазды turkystan.kz.
Еске салайық, компанияның негізін Әлімжан Қалдияров қалаған болатын. Ол промоутер ғана емес, сонымен қоса Жанқоштың менеджері екенін де айта кетейік.