Павлодарда киелі жерге зиярат етуге кеткен әйелдің денесі табылды

Павлодарда киелі жерге зиярат етуге кеткен әйелдің денесі табылды

Павлодарда киелі жерге зиярат етуге кеткен әйелдің денесі табылды
ашық дереккөзі
50192
Павлодар облысында киелі жерлерді зиярат етемін деп, жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды деп жазды turkystan.kz. Халық үні сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға туралы павлодарлық «Вита» жасағының мүшелері хабарлады. Еріктілердің айтуынша, 36 жастағы әйел Шалдай орманындағы киелі жерлерге зиярат ету кезінде жоғалып кеткен.
«Бізге жоғалған әйелдің туысы қоңырау шалып, қаңтар айында әйелдің кішкентай ұлына аутизм диагнозы қойылғанын айтты. Әйел мұнымен келісе алмай, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттеніпті. Туыстары түрлі жолдармен көмектесуге тырысқан. Сосын әйелді Шалдайдағы киелі жерге апаруды жөн көрген. Нақты не болғанын білмейміз, бірақ әйел 9 сәуір күні сағат 15:00-де жоғалып кетті. Бізге жоғалғаны туралы ақпарат 19:48-де берілді. Бұл уақытта полиция оны іздеп жатқан», – деді еріктілер.
Жоғалған әйелді іздеу жұмыстарына полицейлер мен туыстарынан бөлек, құтқарушылар мен кинологтар да қатысқан.
«Біз де бір орында тұра алмай, әйелді іздеуге кірістік. Бірақ жоғалған жерге кіреберісте әйелдің өлі табылғанын естідік», – дейді еріктілер.
Полиция әйел өлімінің себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары