50499
Азия чемпионаты: бүгін әйелдер күресінен спортшыларымыз бақ сынайды
Азия чемпионаты: бүгін әйелдер күресінен спортшыларымыз бақ сынайды
Бүгін, 11 сәуірде Астана қаласында әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионатының алғашқы ойындары өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен Азия біріншілігі болып жатыр. 9-10 сәуір күндері еркін күрес шеберлері жүлделерді сарапқа салды. Енді 11-12 сәуірде әйелдер күресінен сайыстар болады.
Еліміздің әйелдер құрамасы:
50 келі - Эллада Махяддинова (Ақмола облысы)
53 келі - Алтын Шағаева (Алматы облысы)
55 келі - Марина Седнева (Алматы облысы)
57 келі - Нилуфар Раимова (Түркістан облысы)
59 келі - Диана Каюмова (Астана қаласы)
62 келі - Ирина Кузнецова (Ақмола облысы)
65 келі - Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы)
68 келі - Елена Шалыгина (Шымкент қаласы)
72 келі - Жәмила Бақбергенова (Астана қаласы)
76 келі - Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы).
11 сәуірде 50, 55, 59, 68, 76 келідегі балуандар күреседі.
Сондай-ақ 12 сәуірде 53, 57, 62, 65, 72 келі салмақта балуандар бақ сынайды.
Күндізгі сессия сағат 11:30-да (алдын ала, жартылай финал және жұбаныш белдесулері) басталса, кешкі сессия 18:00-де (1 және 3-орын үшін) өткізіледі.