Леңгір тұрғынынан 5 миллион теңге бопсалаған екі азамат ұсталды

/
Леңгір тұрғынынан 5 миллион теңге бопсалаған екі азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Леңгір тұрғынынан 5 миллион теңге бопсалаған екі азамат ұсталды
Түркістан облысының Полиция департаментіне Леңгір қаласының тұрғыны арызданып, өзін белгісіз біреулер пышақпен қорқытқанын айтқан деп хабарлады turkystan.kz.
  Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға кірісті. Ақпарат бойынша қылмысты ашуға, күдіктілерді ұстауға бірден Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмылдырылды. Төлеби ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер 5 млн теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен 2 жігітті ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған, Төлеби ауданының тұрғыны. Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден жәбірленушінің қаражатын тәркіледі. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде алты оқ табылды. Қазір тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары