Ташкенттегі әлем чемпионаты: IBA маңызды шешім қабылдады

Ташкенттегі әлем чемпионаты: IBA маңызды шешім қабылдады

Ташкенттегі әлем чемпионаты: IBA маңызды шешім қабылдады
ашық дереккөзі
50935
Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылар саны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан құрамасы да қатысатын бұл жарыс 30 сәуір мен 14 мамыр аралығы Өзбекстан астанасында өтеді. Турнирге 104 елден келетін боксшылар қатысады. Қазргі таңда 640 қатысушы тіркеліп, олар 13 салмаққа бөлінді. Алайда Халықаралық бокс қауымдастығының хабарлауынша, (IBA) тіркеу 14 сәуірге дейін жалғасады. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры - 5,2 миллион доллар. Әр салмақтағы жеңімпазға алтын жүлдемен бірге 200 мың доллар табыс етіледі. Күміс жүлдегерлерге 100 мың доллар және қолаға 50 мың беріледі.

Серіктес жаңалықтары