АҚШ-та қазақстандық боксшының жекпе-жегі өтеді

АҚШ-та қазақстандық боксшының жекпе-жегі өтеді

АҚШ-та қазақстандық боксшының жекпе-жегі өтеді
ашық дереккөзі
50298

2019 жылғы әуесқойлар арасында Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кәсіби деңгейде кезекті айқасын өткізеді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Нұрмағанбет 15 сәуірде Помонда (АҚШ, Калифорния штаты) 8 раундтық айқас өткізеді. Оның қарсыласы - венесуэлалық Эбер Рондон (20-3, 13 КО)», - деді Suleimen Promotion промоутерлік компаниясы.

25 жастағы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокста 8 айқасқа қатысып, жеңіске жеткен (6 рет нокаутпен). Бұған дейін ол өткен жылдың қазанында Мехикода жергілікті боксшы Лусиано Чапарро Араухомен кездесіп, екінші раундта жеңді. Эбер Рондон 2021 жылы қазақстандық Тұрсынбай Құлахметтен (4-1, 3 КО) нокаутпен жеңілген еді.

Серіктес жаңалықтары