«AMANAT» партиясының алдағы жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

«AMANAT» партиясының алдағы жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

«AMANAT» партиясының алдағы жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды
ашық дереккөзі
50190

Мәжіліс қабырғасында «AMANAT» фракциясының алғашқы отырысы өтіп, алдағы жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев мәлім етті деп жазды turkystan.kz.

«Өздеріңізге белгілі, біздің партия атынан сайланған депутаттардың 70%-дан астамы Мәжіліске жаңа келгендер. Сондықтан оларға жұмыс істеу тәртібін түсіндірдік.

Мәжіліс депутаты жұмысындағы ең өзекті мәселе – депутаттық сауалдарды дайындау және жариялау. Фракция мүшелеріне оның алгоритмдері көрсетілді.

Депутаттық сауал әзірлеуде біздің басты талабымыз бен ұстанымымыз анық: фракция мүшесі елдік сипаттағы мәселелерді көтеруі қажет. Ең сезімтал және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу жолдарын ұсынуға тиіс. Сондай-ақ популизм, жеке азаматтардың немесе белгілі бір топтардың мүддесі үшін жұмыс істеуге жол берілмейді!

Біз үшін мемлекет пен халықтың мүддесі бәрінен биік!

Сонымен қатар фракция мүшелеріне мінез-құлық нормаларын, депутаттық әдеп этикасын қатаң сақтау ескертілді», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясы 62 депутаттан тұрады. Олардың 40-ы партиялық тізім арқылы сайланса, қалған 22-сі бірмандаттық округ бойынша депутат болды.

Серіктес жаңалықтары