50305
Жаппай төбелес: қазақстандық хоккейші қарсыласын ұрып құлатты
Жаппай төбелес: қазақстандық хоккейші қарсыласын ұрып құлатты
Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сериясы жартылай финалының екінші матчінде мәскеулік ЦСКА петерборлық СКА командасына есе жіберді. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дарен Диц бұл ойында нәтижелі пас және төбелеспен ерекшеленді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz.
ЦСКА сырт айдында 1:2 есебімен ұтылды. Есепті айдын қонақтары ашты, 17-минутта Дарен Диц берген пасты Андрей Светлаков голға ұластырды. Алайда петерборлықтар 35 және 49-минутта Валентин Зыков пен Михаил Воробьевтің дәл соққыларымен есе қайтарды.
Ойын біткені туралы белгі берісімен Диц СКА шабуылшысы Дмитрий Яшкинмен жаға ұстасып, ізінше жаппай төбелес болды.