Мәжіліс депутаттары AMANAT алаңында азаматтарды қабылдайды
Мәжіліс депутаттары AMANAT алаңында азаматтарды қабылдайды
«AMANAT» партиясы Мәжіліс депутаттарының сәуір айына арналған азаматтарды қабылдау кестесін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Сонымен 6 сәуірде Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Тілектес Адамбеков, 11 сәуірде – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов, 13 сәуірде – Заң және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Амантай Жарқынбек, 18 сәуірде – Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ерлан Әбдиев, 20 сәуірде – Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мұрат Әбенов, 25 сәуірде – Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Еркін Әбіл және 27 сәуірде – Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Қазыбек Әлішев азаматтарды қабылдайды.
Кездесуге жазылу үшін төмендегі байланыс деректеріне хабарласу қажет:
1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
2. WhatsApp: 8 700 800 4441;
Сондай-ақ «Халыққа көмек» жобасы аясында Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен тегін консультативтік онлайн-кездесулер ұйымдастырылды. Оларға да жоғарыда көрсетілген байланыс деректері бойынша жазылуға болады.