Қордайда төтенше жағдай жарияланды

Қордайда төтенше жағдай жарияланды

Қордайда төтенше жағдай жарияланды
ашық дереккөзі
50399

Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдай режимі бірнеше күнге созылған қатты желге байланысты енгізіліп отыр.

Қатты жел 3 мектеп пен 1 балабақшаның шатырын ұшырып әкетті. Алдын ала есеп бойынша, шығын көлемі – 99 млн теңге. Зардап шеккендер жоқ. Балалар мектептерге барып оқып жатыр.

Қордай ауданы әкімінің орынбасары синоптиктер болжамына сәйкес, жел 4 сәуір күні басылуы мүмкінін екенін жеткізді. Кейін нысандарды жөндеу жұмысы басталады.

Серіктес жаңалықтары