Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Денис Покотиленконы іздеу жұмыстары жарты жылға созылды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Алты ай бойы Денис Покотиленконы іздеу шаралары жүргізілді. Іздестіруді тоқтата тұрғанның өзінде оның аман-есен табылатындығына үміттенген едік. Өкінішке орай, кеше оның денесі табылғанын білдік», – дейді «Vita» еріктілері.
Денис Покотиленко 2022 жылы 13 қазан күні баласын балабақшаға апарғаннан кейін жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Ер адам бұған дейін ешбір себепсіз жұмыстан да қалып көрмеген.
Ұшты-күйлі жоқ болып кеткен азаматтың туыстары, еріктілер мен полиция қызметкерлері Екібастұздағы барлық аумақты тексерген болатын, тіпті, кинологтар жұмылдырылды.