50426
Зардап шеккендер бар: Астанадағы сауда орталығында эскалатор құлады
Зардап шеккендер бар: Астанадағы сауда орталығында эскалатор құлады

Елордадағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында эскалатор құлап, адамдар зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz.
Төтенше жағдай кезінде эскалаторда адамдар болған.
«Астана қаласы, Есіл ауданы, «Сарыарқа» сауда үйі. Алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-қабаттан 2-қабатқа құлаған. Құлаған кезде эскалаторда 20-ға жуық адам болған. Апат нәтижесінде екі ересек адам мен бір бала жеңіл жарақат алған. Оларды 103 қызметі тексеріп жатыр», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.Ресми мәліметке сәйкес, дәрігерлердің қарауынан кейін тұрғындар үйлеріне жіберілді.