Жамбыл облысында пышақталған ауыл әкімінің беті бері қарады. Дәрігерлердің сөзінше, 46 жастағы шенеуніктің өміріне қауіп жоқ, сол себепті 5 күннен кейін ауруханадан шығуы мүмкін - деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Ішінен пышақталып жарақат алған. Науқасқа жедел ота жасалған. Отадан кейінгі диагнозы - ұйқы безі басының жарақаты. Ота сәтті өтті. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық", - деді Меркі ауданы ауруханасының бөлім меңгерушісі Алмас Парманқұлов.