Неймар казинода 1 млн еуросынан айырылды
 
								
                                                                                                Неймар казинода 1 млн еуросынан айырылды
                                                                                                                                Покерге деген сүйіспеншілігімен танымал бразилиялық ПСЖ клубының шабуылшысы Неймар бүгін, 29 наурызда онлайн казинода ойнап отырып 1 млн еуросынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz championat.com ресурсына сілтеме жасап.
Жарақат алып, маусымның соңына дейін демалып жатқан 31 жастағы футболшы екі сағатқа созылған құмар ойында 1 миллион еуродан астам сомадағы ақшасынан ұтылды. Неймар покер турнирлеріне жиі қатысады.
Биылғы маусымдағы 29 ойында Неймар 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді. Шабуылшымен ПСЖ-ның арасындағы келісім-шарт 2025 жылы аяқталады.
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        