«Төбелеске қатысты деген 8 адам полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға бойынша қалған азаматтарды анықтау бағытында тиісті шаралар жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағым түскен жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция басқармасынан.Ведомство мәліметінше, бұл бойынша тергеу әрекеті жүргізілуде. Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың нарядтары күшейтілген.
Қызылордада жаппай төбелес болып, 8 адам ұсталды

Қызылордада жаппай төбелес болып, 8 адам ұсталды
Қызылорда облысында көшедегі төбелестен кейін полиция бөліміне 8 адам жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 26 наурызда сағат 2.00 шамасында Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кенті Пірімов көшесінің бойында болды. Полиция бөліміне ер азаматтардың айқай-шу шығарып, бұзақылық жасап жатқандығы туралы хабарлама түскен.