«Экситпол – шамамен осыдан 60-70 жылдық тарихы бар зерттеу. Ол сайлаушының сайлау учаскесінен шыққанда «Дауыс бердіңіз бе?» және «Кімге дауыс бердіңіз?» деген екі сұраққа жауап береді. Нәтижесінде, күні бойы жүргізген зерттеу бойынша көпшілік орталық сайлау комиссиясы қорытындысын шығармай-ақ, оларды күтпей-ақ, сайлаудың қорытындысын алдын ала болжай алады. Сол үшін сайлау учаскелерінде шамамен 3/1 бөлігі зерттеумен қамтылады. Оның бірнеше амалдары мен квоталары бар. Жалпы, біраз қаржы машақаты бар. Бірақ, еліміз үшін керек зерттеу түрлерінің бірі деп есептеймін», - деді ол.
Рамазан Саликжанов: Exit Poll – еліміз үшін керек зерттеу түрлерінің бірі

Рамазан Саликжанов: Exit Poll – еліміз үшін керек зерттеу түрлерінің бірі
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің әлеуметтану кафедрасының профессоры Рамазан Саликжанов мәжіліс пен мәслихат сайлауындағы экситполға қатысты turkystan.kz тілшісіне пікір білдірді.