50331
Жанпейісова: бұл сайлаудың ерекшелігі – жаңа тәжірибе
Жанпейісова: бұл сайлаудың ерекшелігі – жаңа тәжірибе

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің саясаттану кафедрасы доценті, саяси ғылымдардың кандидаты Қарғаш Жанпейісова turkystan.kz тілшісіне сайлауға байланысты пікір білдірді.
«Бүгінгі сайлаудың алғашқы ерекшелігі, бұл – азаматтардың сайлауға қатысуы. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, өткен сайлаулармен салыстырмалы түрде қарағанда қазіргі сағат 21:00 уақытына сәйкес, халықтың сайлауға қатысу көрсеткіші 54%-ды құрап отыр. Соңғы 2021 жылғы сайлауда азаматтардың қатысу белсенділігі 63,3%-ды көрсеткен еді. Яғни, көрсеткіш төмен, бірақ, бұл қалыпты жағдай. Негізінен, кез-келген мемлекетте – халықтың Парламент сайлауына қарағанда, Президент сайлауына қатысу көрсеткіші жоғары болады. Ал, бұл сайлаудың екінші ерекшелігі – жаңа тәжірибе.Себебі, 70% - пропорционалды, 30% - мажоритарлы сайлау жүйесі бойынша өкілді биліке сайлау жүргізілуде. Демек, 69 орын саяси партиялық тізім бойынша, 29 орын мажоритарлы сайлау жүйесі бойынша сайланады. Одан бөлек, тағы бір ерекшелік, бұл – халықтың мажоритарлы жүйе бойынша өзін-өзі ұсыну мүмкіндігіне ие болуы», - деді Қ.Жанпейісова.