Ал облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мұрат Жұмаділдаев сайлауалды бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстарға жауапты адамды атап өтті. Ол сондай-ақ бұл іс-шараға қанша қаражат қажет кететінін, ақша қайдан бөлінетінін және оның жүзеге асырылу мерзімін тілге тиек етті.
«Бұл халықтың сұраныстарын сапалы, уақытылы қанағаттандыру мақсатындағы кешенді жұмыстарды айқындап отырған маңызды құжат»,-деді Мұрат Жұмаділдаев.
«Отбасы Банк» ұжымымен кездесу барысында осындай маңызды мәселелерді қозғаған кандидаттар сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Ұжым мүшелері тұрғындарды баспанамен қамтуда партияның алға қойған мақсаттарын орындауда аянып қалмай қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.