IBO Геннадий Головкинді әлем чемпионы рейтингіне қайта қосты

/
IBO Геннадий Головкинді әлем чемпионы рейтингіне қайта қосты
ашық дереккөзі
IBO Геннадий Головкинді әлем чемпионы рейтингіне қайта қосты Халықаралық бокс ұйымы (IBO) жаңартылған рейтингіні жариялады. Онда қазақстандық Геннадий Головкин әлі де орта салмақта әлем чемпионы қатарында тұр деп хабарлады  turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. «Головкин - IBO-ның ең белді чемпиондарының бірі. Тіпті 40 жасқа келген қазіргі кезде де, 42-2-1 рекордымен және көптеген тарихи бокс кештеріне қатысқаннан кейін, ол орта салмақтағы әлем чемпионы белдігіне абыроймен ие болып отыр», - делінген IBO хабарламасында. Еске салайық, Геннадий Головкин IBF және WBA Super нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан және міндетті жекпе-жектерді өткізуден бас тартқан болатын.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары