50226
Ұлытау облысында жоғалған 7 адам табылды
Ұлытау облысында жоғалған 7 адам табылды

Ұлытау облысында мал іздеуге шығып жоғалып кеткен 7 адам аман-есен табылды деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ сілтеме жасап.
11 наурызында мал іздеуге екі көлікпен 7 адам шығып, ауа райына байланысты жолда адасып кеткен.
Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды.
Жоғалған адамдар «Өлке» қыстағынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.