Өскеменде үшем дүниеге келді

Өскеменде үшем дүниеге келді

Өскеменде үшем дүниеге келді
ашық дереккөзі
50649
Өскемен қаласында үшем дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі Ана мен бала орталығында үшем жарық дүние есігін ашты. Бұл Шығыс Қазақстан облысындағы биылғы алғашқы үшем. Үшеуі де қыз. Шақалақтар шала туылғандықтан әуелде жансақтау бөліміне ауыстырылды. Кейін қайтадан перзентханаға жатқызылды. Қыздардың салмақтары - 2540, 2342 және 2030 грамм. «Ата-анасы балаларына Алена, Маруся және Марина деп ат қойды. Жалпы өңірде үшем туатындар өте аз. Сондықтан бұл тек бір отбасы үшін емес, мұқым облыс үшін айтулы оқиға», - дейді Ана мен бала орталығының қызметкерлері.

Серіктес жаңалықтары