Аударыспақтан ел чемпионатының үздіктері анықталды

Аударыспақтан ел чемпионатының үздіктері анықталды

Аударыспақтан ел чемпионатының үздіктері анықталды
ашық дереккөзі
50287
Өткен аптада Ақтөбе облысында аударыспақ ойынынан ел біріншілігі өтті. Осымен 22-ші рет ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 16 өңірінен спортшылар қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Чемпионат қорытындысы бойынша Түркістан облысы бірінші орынды иеленсе, жарыс қожайындары Ақтөбе облысы екінші орынға тұрақтады. Ал, үздік үштікті Батыс Қазақстан облысының спортшылары түйіндеді. Іс-шара барысында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының бастамасымен «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры-Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Бағдәулет Сәбитов пен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Нұрлыбек Мұқанов өңірдің Ұлттық спорт федерациясының өкілдерімен, облыстық спорт басқармасының басшылығымен кездесті. Қос тарап аталмыш саладағы мәселелер мен оның шешілу жолдарын талқылады. Атап айтқанда Ақтөбе облысындағы жалпы білім беру орындарында (400-ден аса мектеп) тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату үйірмелерін ашып, оған дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін жұмылдыруды қарастырды. Кездесуде үйірмелердегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату спорты бойынша семинарлар өткізу мәселесін де көтерді. Аталмыш семинарларды «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК-ның өткізу мүмкіншілігі жайында айтылды. Сонымен қатар Бағдәулет Сәбитұлы мен Нұрлыбек Бекболатұлы мәдениет және спорт саласының кәсіподақ басшыларымен кездесіп, еңбек ұжымдарында ұлттық спорт түрлері бойынша үйірмелер ашуды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары