50447
Жалғызбасты әйел 27 жыл бұрын перзентханаға тастаған қызына іздеу салды
Жалғызбасты әйел 27 жыл бұрын перзентханаға тастаған қызына іздеу салды

Жалғызбасты әйел 27 жыл бұрын перзентханаға тастаған қызын іздеп жүр. Бұл туралы тележурналист Гүлмира Абықай Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Жұмыс бітіп, пробкада тұрмын. Безілдеген телефонды көтерсем, ар жақтан жыламсыраған әйелдің даусы естілді: - Қызымды табуға көмектесіңізші, баламнан ажырап қалды - деді, жалынышты үнмен. - Сіз кімсіз? Қызыңыз қайда? Қандай жағдайда ажырадыңыз? Оқиға қашан болған еді? - деп, сұрақты төндірдім. Cөйтсем, ол 1974 жылғы Түркістан облысының тумасы екен. - Жасым 50-ге таяп қалды. Ауырмайтын жерім жоқ. Денсаулығым нашар. Бағып-күтетін қыз керек, - дейді. - Жоқ, енді қызыңыз қайда? Түсіндірсеңізші, десем: - Бұрын 1996 жылы туып, перзентханаға тастап кеткенмін. - Неге? Не себепті? - Әке-шешем қатал қарсы болды. Жүкті екенімді білсе, мені өлтіріп тастайтын еді. Өзім жаспын, оқу жұмыс жоқ, қалай бағамын? Сосын, амалым жоқ перзентханаға тастап кеттім. Енді, соны іздеймін. - Сосын? - Не сосын? - Жаңа туған әлдиді тастап, қайда бардыңыз? - Үйіме бардым. Ештеңе болмағандай, әкем мен бауырларым білмейді. Көп ұзамай анам қайтыс болды. Бауырларым үйленіп, әйелімен кетті. Ал, мен сол күйі күйеуге тимедім. Енді міне 50-ге де келіп қалдым. Өзімді қарайтын адам керек, - деді. - Ал, жақсы мен қызыңызды тауып беремін. Бірақ, ол қыз сізге құстай ұшады деп ойлайсыз ба? Жоқ, әрине! Жақсы отбасы асырап алған болса, өз өміріңізбен бірге оның да өмірін құртасыз ғой - деп, бастаған ем, телефонды өшіре салды» - деп жазды тележурналист.