50400
«AMANAT» партиясы: Кандидаттар ауыл тұрғындарының талап-тілегін тыңдады
«AMANAT» партиясы: Кандидаттар ауыл тұрғындарының талап-тілегін тыңдады

ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Нұржан Әшімбетов пен Анатолий Бойчин «AMANAT» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысымен Павлодар ауданына ат басын бұрды. Агитациялық кездесуге облыстық мәслихатқа үміткер Аида Хамзина, бірмандатты сайлау округі бойынша осы ауданнан түсіп жатқан Серік Жартыбаев және аудандық мәслихат депутатына үміткерлер қатысып жатыр.
Алғашқы кездесу Заря ауылдық клубында өтті. Кандидаттар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыс жоспарлармен бөлісті. Соның ішінде жер мәселесіне қатысты түйткілді сұрақтарды көтеретінін жеткізді. Қазір ауылда тұратын адамдарға сауын сиырларын бағатын жер жетпей жатыр. Яғни, ауыл маңындағы көп жерлер егістікке айналып кеткен. Алдағы уақытта әр ауылдың мал санына байланысты жер көлемі бекітіледі. Оған жауапты ауыл әкімі болады. Егер жер бос болмаса, фермерлер алып қойған болса, қайтаруы тиіс. Жер кодексінің 16 бабы бойынша әр азамат үш жыл мерзімге 500 гектарға дейін жер алуына болады. Бірақ, оны тұрғындар біле бермейді. Сондықтан, бұл бапты өзгертіп, жастардың жер алуына мүмкіндік жасаймыз.
Ауыл тұрғындары да өздерін мазалаған сұрақтарын ұсыныс ретінде ортаға салды. Ауылда оқушыларды мектепке тасымалдау мәселесі дұрыс жолға қойылмаған. Одан бөлек жас мамандарды баспанамен қамту және азық-түлік бағасының тұрақсыздығы мәселелері де көтерілді.
Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық үгіт-насихат штабының өкілдері Аққулы ауданына да барды. ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Вера Ким, облыстық мәслихат депутатына үміткер Раушан Даумова, Дулат Әбетжанов, Салтанат Әубәкірова және аудандық мәслихат депутаттары білім саласы өкілдерімен кездесті.
Білім беру саласы қызметкерлері тарапынан әр-түрлі тақырыпта мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, кейбір мұғалімдер балалардың мектептегі кезекшілік жүйесін қайта қалпына келтіру керек екенін айтты. Бұл біріншіден балаларды жауапкершілікке, екіншіден еңбекке баулиды дейді. Екінші мәселе –жастар жеңілдетілген несие алғысы келеді. Бірақ, оған қоятын кепіл табу қиын. Басындағы үйлерді өте төмен бағалағандықтан, алатын несие мөлшері де төмен. Одан бөлек жинайтын құжаттар да көп. Сондықтан, заңның осы тұсына өзгерістер енгізіп, ережесін жеңілдету керек. Белсенділер бұл сұрақ бойынша жұмыс жүргізілетінін айтты.
Сонымен қоса, ауыл тұрғындары тарапынан Омск-Майқапшағай жолының екі жағын қоршау керек деген ұсыныс айтылды. Себебі, кейбір тұрғындардың малы түнгі уақытта жолға шығып кетеді де, машинаға соғылады. Оның зардабын тұрғындар тартуда. Яғни, бүлінген машиналарды мал иелері төлеп жатыр.
-Жолдың жиегін қоршау дегеніміз өте өзекті мәселе екенін байқап жүрміз. Бұл сұрақты біздің облыстық штаб жақсы біледі. Себебі, өңірлерге барған кезде сайлаушылар жиі қояды. Сондықтан, айтқан ұсыныстарыңыз өте орынды. Әсіресе үлкен автожолдарда малға қатысты жолкөлік оқиғалары жиі орын алады. Соның салдарынан адам шығыны болып жатыр, малдың иелері де бүлінген көлікті төлеу үшін үлкен шығынға батып қалады. Мысалы Астана-Павлодар автобанның екі жағы қоршаулы. Ол жақта мұндай пробелам жоқ. Сондықтан, депутаттыққа өтіп жатсақ бұл мәселені жоғарыға жеткізіп, бір шешімін шығаруға тырысамыз, - облыстық мәслихат депутатына үміткер Дулат Әбетжанов.
Бүгін «AMANAT» партиясының сайлауалды агитациясы Май ауданында жалғасып жатыр. Кандидаттардың бір тобы Баскөл ауылына барып, халықтың талап-тілегін тыңдады. Кездесуде тұрғындар бірқатар өзекті мәселе көтерді. Олардың айтуынша, ауыл егістіктің үстінде отырса да көкөніс өнімдері қымбат. Себебі жергілікті өндірушілер өз өнімдерін шетелге тасымалдайды. Яғни, ауыл тұрғындары өз ауылдарында өсірілетін егіннің игілігін көре алмай отыр. Одан бөлек, жалпыға арналған медициналық төлемдер мен жеңілдіктер мәселесі де көтерілді.
Облыстық мәслихатқа үміткер Рахат Тұрлыбай, Қуаныш Ботин, Сания Сахипова бастаған белсенділер ауылда айтылған барлық мәселелерді қабылдап, партияның сайлауалды бағдарламасына енгізетінін жеткізді. Үгіт насихат шарасына Май аудандық мәслихаты депутатына үміткерлер де қатысуда.
Партияның сайлауалды бағдарламасында көктемгі егіс жұмыстарына фермерлер үшін жеңілдікпен жанар-жағармай материалдарын бөлудің ашық және әділ тетігін енгізу көтерілген. Сондықтан, жергілікті шаруалар алдымен жергілікті халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуі керек.


Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А
Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко
Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.