50329
Алдағы күндері 3 өңірде су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет
Алдағы күндері 3 өңірде су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет алдағы күндері бірнеше өңірде тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті деп хабарлады turkystan.kz.
«10 -12 наурыз аралығында Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жауын-шашынның көп түсуіне, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлері көтерілмек. Аталған өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.