50280
Бес өңірдегі 32 жол жабылды
Бес өңірдегі 32 жол жабылды

Еліміздің 5 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңыздағы трассалардың 32 учаскесі жабылды деп хабарлады turkystan.kz Қазавтожолға сілтеме жасап.
Республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау және көктайғаққа қарсы инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізілуде.
Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді.