50247
Қар көшкіні Алматы жолдарын басып қалды
Қар көшкіні Алматы жолдарын басып қалды

Бүгін таңертең Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Есік көліне баратын тас жолдың 13-ші шақырымында қар көшкіні жүріп, жолды жауып қалды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, түскен қардың көлемі – 175 текше метр.
«Қар массасы аудан орталығынан Есік көліне апаратын жолдың бір бөлігін жауып тастады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар. Қар көшкіні түнде жауған жауын-шашын мен жылымықтың салдарынан өздігінен түсті», - деп хабарлайды «Қазселденқорғай» ММ баспасөз қызметінен .
Мамандар қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шығуды ұсынбайды, сондай-ақ алдағы күндері тауға шықпауға шақырады.
Еске салайық, 6 наурыз күні Алматы тауында да қар көшкіні жүрген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram