
Кандидаттар Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесті

Кандидаттар Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесті
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сай Сыр өңірінде 2027 жылға дейін жалпы аумағы 3,5 миллион шаршы метр болатын 27 мыңға жуық тұрғын үй бой көтермек. Мұнан бөлек, 300 төсекті көпбейінді аурухана, 26 білім беру нысанының іргесіп қаланып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілмек. Бұл құрылыс саласындағы басты басымдықтардың бір парасы ғана. Дәл осындай жаңашылдықты «AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тасбөгет кентіндегі С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде тұрғындармен кездесуде сөз етті.
Жиында Жорабек Нұрымбетов партияның бас шаһарда алдағы бес жылда жүзеге асыратын бастамаларын тізбектеп шықты. Оның айтуынша, «AMANAT» партиясы жыл сайын 17 білім беру ұйымдарының ғимаратына күрделі жөндеуден өткізбек. Мектеп жасына дейінгі балалар 100 % балабақшамен қамтылмақ. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2,8 мың маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттен қаражат қарастырмақ.
Артынша сөз алған Мақсұт Нәлібаев өңірдегі партия ыықпалымен жүзеге асатын өзге де басымдықтарға тоқталды.
«AMANAT» партиясының негізгі жоспары– халықтың жайы мен мемлекет мүддесі. Партиямыз өңірдің әлеуетін көтеруге бар күш-жігерін жұмсайды. Ауыл шаруашылығы саласында 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыруды көздеп отыр. Мұнан бөлек, өңірдегі 60-тан астам елді мекен көгілдір отынға қол жеткізбек. 59,8 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары қайта жаңғыртудан өтеді. Мұның барлығы құр сөз, құрғақ уәде емес, халықтың аманаты»,-деді үміткер Мақсұт Нәлібаев.
Спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға жан-жақты түсіндіру барысында оларды толғандырған сауалдарға тұщымды жауап беріп, жиылған жұртышылықты «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
