50310
Қазақстандық боксшылар «Канелоның» залында жаттығуға кірісті
Қазақстандық боксшылар «Канелоның» залында жаттығуға кірісті

Қазақстандық боксшылар екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварестің Сан-Диего қаласында орналасқан залында жаттығуға кірісті деп хабарлады turkystan.kz.
«Біздің «Suleimen Promotions» боксшылары Америка Құрама Штаттарындағы Сауль «Канело» Альварестің залында, білікті бапкер Эдди Рейносамен бірге алғашқы жаттығу жұмыстарын бастады», - деді аталған промоутерлік компанияның Instagram-дағы парақшасында.
«Канело» залында жаттығатын боксшыларымыздың арасында Әбілхан Аманқұл, Евгений Павлов, Бек Нұрмағамбетов пен Данила Семенов бар.
Айта кетейік, қазақстандықтар әлемге әйгілі мексикалық боксшымен бұған дейін де бірнеше рет бірлескен дайындық өткізген еді. Сонымен қатар рингке Альварестің спарринг-серіктесі ретінде де шыққан болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram