Бүгін ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханның туған күні

/
Бүгін ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханның туған күні
ашық дереккөзі
Бүгін ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханның туған күні Бүгін ұлт көсемі, Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туғанына 157 жыл толды деп хабарлады turkystan.kz. Осыған орай, turkystan.kz сайты редакциясы ұлт көсемінің айтқан нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынады. 1.Ұлтқа қыз­мет ету білімнен емес, міне­з­ден. 2. Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой. 3. Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа. 4. Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын. 5. Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта. 6. Білім - біліммен, мінез - мінезбен. Көп оқыса, зейінді болса - білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма әлде жаман бола ма - мұны құдай біледі. 7. Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің. 8. Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сыңды дәрменсіздік. 9. Білімнен мақсат шықпайды. 10. Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады. 11. Көкіректе сайрап тұр, қолды заман байлап тұр. 12. Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман. 13. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса - үкімет ісін бөліп қойғаны оң болады. 14. Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді. 15. Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары