Ақтөбе тұрғыны мұнай-газ саласына қажетті бұйымдар өндіреді

Ақтөбе тұрғыны мұнай-газ саласына қажетті бұйымдар өндіреді

Ақтөбе тұрғыны мұнай-газ саласына қажетті бұйымдар өндіреді
ашық дереккөзі
50711
Ақтөбе қаласының тұрғыны Азамат Базар 21 жасында өзінің жеке кәсібін ашқан. Бүгінде ол – өңірдегі резеңке-техникалық бұйым­дар шығаратын жалғыз кәсіпорынның иесі. Алғашында қаладағы ірі дүкендермен байланыс орнатса, қазір «Ембімұнай­газ», «Қаражамбасмұнай», «Қазақ газ өңдеу зауыты», «Өзенмұнай­газ», «ӨзенМұнайСервис» және басқа компаниялармен жұмыс іс­теп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Цех­тан май ты­ғыз­­дағыштар, те­х­никалық пласти­на­лар, түрлі ман­жеттер мен төлке және тығызда­ғыш сақиналарды көруге бо­лады. Бұл – тау-кен, мұнай-газ саласына қажетті заттар. Кәсіпкер бұ­­­дан бөлек, цехта те­мір­жол вагондарының қо­салқы бөлшектері де жа­­­­­са­латынын айтады. Әри­не, бұл жұмыстың бә­рін ол өзінің қо­лас­тын­­дағы қызметкерлері­мен бірге атқарып отыр.  width=
«Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еура­зия ұлт­тық уни­вер­си­тетін көлік, көлік техникасы және тех­но­­ло­гиялары мамандығы бойын­­ша тәмамдадым. Өзімнің же­ке кәсібім бол­ға­нын бұрыннан қа­лайтынмын. Оқуды бі­тірген бойда ойда жүрген идея­ны жүзеге асыруға кіріс­тім. Сөй­тіп, 21 жасымда жеке кәсібімді аш­тым. Әрине, басында қиын­­дық болады. Бірақ одан қашпау керек. Адам өзі­не ұна­ған іспен ай­налысса, алынбайтын қамал жоқ деп ой­лай­мын. 2018 жылдың аяғын­да қажетті шикізат пен жабдықтарды, яғни тер­моп­­ресс, компрессор, өл­шеу құралдары және бел­гілі бір бұйымдарға ар­нал­ған қалыптарды са­тып алдым. Ары қарай биз­несті бастап кеттік. Ба­­­сында шағын цех ашып, аз мөлшерде тап­сы­­рыс алатынбыз. Бір ай­­дан ас­там уақыттың ішін­де Ақтөбенің ірі дү­кендерімен байланыс ор­наттық. Қа­зір елімізге бел­гілі компаниялармен жұ­мыс істейміз», – дейді Азамат Базар.
 width= Кәсіпкердің айтуынша, алдымен өнімнің сызбасы жасалып, қағаз бе­тіне түсіріледі. Заттың көлемі жазылған соң механикалық цех­­қа, металл жонушыға беріледі. Одан кейін сызба бойынша темірден жа­­салынған қалыпқа сынақ жүргізіліп, тексеріледі. Одан кейін резеңке кә­­сіпорнына жіберіледі. Ал кәсіпорын тапсырыс беруші қойған шарт­тар­ды негізге ала отырып, олар айтқан өлшем бойынша бұйымды жасап шы­­ғарады. Бұл ретте заттың қаттылығы мен жұмсақтығының да өз өл­­шемдері бар.
«Тапсырыс берушілердің басым бөлігі – мұнай-газ саласындағылар. Әсі­ресе, Ақтау мен Атыраудан көп тапсырыс аламыз. Осы уақытқа дейін се­німді, тұрақты тұтынушыларымыз пайда болды. Бізге ауылдық жерде жұ­мыс істеу қиын. Шетелден материалдар келеді, басқа қалаларға жі­беруіміз керек дегендей. Сондықтан Ақтөбе қаласынан аштық. Өнім­дері­­мізді тау-кен саласындағылар да алады. Петропавлдан басқа барлық қа­лаға жібереміз: Қостанай, Павлодар, Екібастұз, Қарағанды, Шығыс Қа­зақ­стан облысы және  Оңтүстік өңірлер. Бұл жақта тау-кен кәсіпорын­дары бар. Өнімдерімізді жасап болған соң сынамаға жібереміз. Тапсырыс беру­шілер түрлі сынақтан өткізеді. «Мына жерін былай істесек қалай бо­ла­ды?» деп ұсыныс айт­қаны болмаса, жұмысымыз­ға сын айтқан емес. Олар­дың бар­лық талабына сай келетін­дей етіп жасап шығарамыз. Ал­­дын ала жан-жақты тексері­ле­ді», – дейді кәсіпкер.
Жас кәсіпкер баға сая­са­тын жолға қойға­нын айтады. Сонымен қатар кә­­сіпорынның сайтын да іске қосқан. Тапсырыс беру­шілер өнім­дерді сол жерден көре ала­ды. Әзірге шикізат шетелден әке­лінеді. Шетелдік ма­ман­дар­мен байланыс орнатқан Азамат Базар кәсібін кеңейтуді жос­парлап отыр.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары