Darkhan Juzz-дің тыңдармандары марқұмның рухына тағзым етті (ВИДЕО)

Таиландта жол апатынан қаза тапқан қазақстандық әнші Дархан Жүнісбековтің жанкүйерлері Алматыда оны еске алды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат тілшісі.

Darkhan Juzz-дің тыңдармандары марқұмның рухына тағзым етті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50475

Жүздеген алматылық қолдарына гүл шоқтары мен шам ұстап Арбатта қазақстандық музыканттың әндерін орындап, сол арқылы оның рухына тағзым етті. «Оның өмірінде бәрі ойдағыдай болды, ол бақытты еді. Қазір бәрі қайғырып жатыр. Дархан баршамызға үлгі болуы керек. Артында екі баласы қалды. Бәріміз бірге оның отбасына көмектесеміз. Оның көпжылғы еңбегін елге жеткізу, оның қандай музыкант, қандай бақытты адам болғанын көрсету, айту – біздің басты міндетіміз. Дархан туралы фильм түсіреміз. Мен бір сырды ашайын, оның әлі жазылмаған альбомы бар. Бізде оның музыкасы мен көптеген демонстрациялары бар. Енді осымен айналысамыз, іздейміз, жинаймыз. Бұл - көлемді материал. Дархан артына мол мұра қалдырды. Сондықтан осында келгендеріңізге рахмет. Өзіміз де есеңгіреп қалдық», - деді оның жақын достарының бірі жиналғандардың алдында.

 

Серіктес жаңалықтары