Қазақстанда жедел жәрдем бригадасы құрамына жаңа маман қосылады

Қазақстанда жедел жәрдем бригадасы құрамына жаңа маман қосылады

Қазақстанда жедел жәрдем бригадасы құрамына жаңа маман қосылады
ашық дереккөзі
51070
Елімізде жедел жәрдем қызметіне өзгеріс енгізілді деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Министрлік халыққа шұғыл медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін ведомствоның «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізген. Бұйрыққа сәйкес, жедел жәрдем бригадасы құрамына парамедик - алғашқы көмек көрсету бойынша қосымша функцияны орындай алатын және шақыруларға қызмет көрсету бойынша жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмысына қатысатын алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам кіреді. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 1 500-ге жуық жедел жәрдем бригадасы бар. Оның 18 пайызы - мамандандырылған бригадалар.

Серіктес жаңалықтары