50298
Белгісіз заттан уланған екі адам қайтыс болды
Белгісіз заттан уланған екі адам қайтыс болды

Қызылорда облысында «Казспекторстрой» ЖШС-нің екі қызметкері белгісіз заттан улану салдарынан қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 3 ақпанда Қызылорда облысында «Саутс-ойл» ЖШС-нің қосалқы мердігері «Казспекторстрой» ЖШС-де болды.
«Серіктестікте еңбек ететін екі қызметкер алдын ала мәліметтерге сәйкес, «белгісіз заттан улану салдарынан туындаған жүрек жетіспеушілігі» салдарынан қайтыс болды деген диагноз қойылды. Қаза болу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінінің 304-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Онда санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Ведомство мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалған. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде.