Аң деп ойлап, адамды атқан. Полиция қызметкері сотталды

Аң деп ойлап, адамды атқан. Полиция қызметкері сотталды

Аң деп ойлап, адамды атқан. Полиция қызметкері сотталды
ашық дереккөзі
50231
Солтүстік Қазақстанда учаскелік полицей 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Қабай Әлтеев қызметтегі әрекетсіздігі үшін сотталды деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruh-на сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетсек, былтыр 11 шілде күні далада жалғыз өзі жидек теріп жүрген әйелді аңшы елік деп ойлап қалған. Оқ Алтынай Мұздақбаеваның оң жақ иығына тиген. Көп қан жоғалтқан ол аудандық ауруханаға бара жатқанда көз жұмған. Аталған іс бойынша басты күдікті ретінде станция тұрғыны, зейнеткер Сергей Лосеня тіркелді. Ол бар кінәні бірден өз мойнына алған. Мамлют аудандық соты абайсызда адам өлтіру және атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру дерегі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырды. Ер адам оптикалық көздеуіші бар иір ойықты спорттық-аңшылық қаруды және 5,6 мм калибрлі патрондарды заңсыз сатып алып, үйінде сақтап келген. Сондай-ақ, зардап шеккен тарапқа 3 млн теңге моральдық шығынның орнын толтырды. Араға екі күн салып полиция қызметкеріне қатысты үкім шықты. Прокурор сотталушыға 6 жылға жаза кесуді сұрады. Экс-полицей өз кінәсін мойындамады. Оның кінәсі куәгерлердің сөзімен, жазба материалдарымен дәлелденді. Аудандық сот учаскелік инспектордың кішкентай балаларының бар екенін және зардап шегушіге алғашқы медициналық көмекті көрсеткенін ескеріп, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік, құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан және полиция майоры арнайы шенінен айырылды. Соттың үкімі  заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары