50508
Әнуар Сариев - парадзюдодан Гран-при турнирінің жеңімпазы
Әнуар Сариев - парадзюдодан Гран-при турнирінің жеңімпазы

Әнуар Сариев - Португалияда парадзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды деп хабарлады turkystan.kz.
Португалияның Алмада қаласында басталған парадзюдан Гран-при жарысының J2 санатында 60 кг салмақта күрескен жерлесіміз Әнуар Сариев алтын медаль иеленді. Финалдық белдесуде грузин балуанын тізе бүктірді.
Еске салсақ, Әнуар Сариев - "Токио-2020" паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері.