Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды
Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ербол Хамитов жеңімпаз атанды, - деп хабарлады turkystan.kz.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ербол Хамитов парашаңғыдан спринт қашықтығында 2:44,23 нәтижемен алтын медаль жеңіп алды.
Украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды.
Бұл – Ербол Хамитовтің осы біріншіліктегі екінші жүлдесі. Ол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдеге қол жеткізген еді.