Шымкентте қатар тұрған екі көлік пен трансформатор жанып кетті

/
Шымкентте қатар тұрған екі көлік пен трансформатор жанып кетті
ашық дереккөзі
Шымкентте қатар тұрған екі көлік пен трансформатор жанып кетті Шымкентте қатар тұрған екі көлік пен трансформатор жанып кетті, - деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға Еңбекші ауданындағы К.Цеткин көшесінде орналасқан жеке үйдің жанында болған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер ВАЗ-2107 және Opel Astra автокөлігінің салоны мен «КТП-270» трансформаторының толығымен жанып кеткенін анықтады. «Өрт сағат 05:10-да оқшауланып, сағат 05:15-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары