51127
OpenAI. ChatGPT. Google: технология әлемін жаңа революция күтіп тұр
OpenAI. ChatGPT. Google: технология әлемін жаңа революция күтіп тұр
OpenAI компаниясы адамзат тарихындағы революция алып келетін ChatGPT чат-ботын іске қосқанын мәлімдеді. Дәл қазір IT индустриясы, бизнес әлем, ақпарат пен технология саласы алыптарының офисінде үрей мен алаңдау басталды. Бұл үрей, тіпті, Apple, Google, Facebook секілді монополист корпорациялардың өзін ойландырып қойды. Әсіресе Google-де қазір дүрбелең боп жатыр.
ChatGPT қасындағы әңгімелесушісімен саналы түрде диалогқа түсе алады: сұрақтарына жауап береді, кеңес беріп, ең қиын жағдайда түсіндіру жұмысын жасайды. Бұдан бөлек, чат-бот кодтағы қателіктерді таба алады, өлең, сонет жазады, сценарий түзіп, мектеп оқушыларға арналған түрлі тақырыптағы эсселерді де өзі генерация жасайды. Логикалық түрде бұл теорияларды жоққа шығаруға болады, алайда болашақ біз ойлағаннан да ерте келді.
Жасанды интеллекті интернеттегі өте үлкен ақпарат базасын игеруге үйреткен. Осыдан кейін компанияның тестілеуші тобы модельдің алғашқы нұсқаларының жауаптарын бағалап, кейін жаңа ақпаратпен қайта оқытқан.
OpenAI-дың тілдік моделдері туралы қысқаша түсінік берейік.
Америкалық коммерциялық емес OpenAI компаниясы машинаны оқыту технологиясымен айналысады. Негізін қалаушылардың бірі – Илон Маск. Дәл осы OpenAI-да жасанды интеллектті ойлап тауып, адам өмірін жеңілдетуге бағытталған жобалар жасалады.
OpenAI GPT-дің үші түрлі тілдік моделін іске қосты. Нақтырақ айтқанда, интернеттегі мәтінді оқитын және сұраққа жауапты сүзгілейтін түрлері бар. GPT-3 әлемдегі ең белсенді тілдің бірі болып саналды.
Бұл модель басқа мәтіндік нейрожелілерден несімен ерекшеленеді?
ChatGPT-да «жад» бар. Басқа нейрожелілерге қарағанда ChatGPT-дың диалог кезінде қолданушымен болған кездегі жауапты сақтап алу қабілеті бар. Мәселен, анаңыздың туған күніне сыйлық алғыңыз келсе, чат-бот сізге бірнеше ұсыныс береді. Кейін сөйлескен әңгімелеріңізді қайталап беруді сұрасаңыз, чат-бот сізге оны саммари түрінде алдыңыздан қайта шығарып береді.
ChatGPT талас тудыратын мәселеден қашуға тырысады. Чат-бот өзінің жеке ойын айтпайды, көзқарасын білдірмейді, қай ұлтқа жататынын, діни көзқарасын және өзінің жалпы өмірде бар екенін де білдірмейді. Бір қызығы, чат-бот өзінің ойлау қабілетінің жоқ екенін түсіндіреді. Бұдан бөлек ChatGPT-де заңсыз мәтін құрауға болмайтын сүзгі бар.
ChatGPT-дағы жауапты өңдеуге болады. Егер бот контексті дұрыс құрамаса, қолданушы сұрақты басқаша қойып немесе қосымша ақпарат беріп жасанды интеллекттен дұрыс жауап ала алады.
Айта кету керек, жасанды интеллектпен жұмыс істейміз деген желеумен Microsoft он мың, Google он екі мың қызметкерін жұмыстан шығаратыны туралы мәлімдеген болатын.