30 қазанда Қазақстанның 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Елдің бірқатар аймақтарында тұман, жаңбыр, қатты жел және жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай, Жетісу, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында тұман түседі.
Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, жел екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау және Ақмола облыстарында төтенше және жоғары өрт қаупі сақталып отыр.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 20 м/с болады.
Қостанай облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, ал оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде.
Метеорологтар тұрғындарға ауа райы болжамдарын мұқият қадағалап, ашық отты пайдаланбауға және жолда сақ болуға кеңес береді.